jasqazaq.kz

Алматыда қар жауды: Таңертең 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді

22 қазан 2021, 12:14

Алматы полициясы ауа райының күрт бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

«Бұл үндеу, көлік құралын басқаратын қаланың жүргізушілеріне арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарындағы қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі», — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Полиция өкілінің айтуынша, жедел басқару орталығына бүгін таңертеңгі 08:00-ден бастап «102» пультіне жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама түскен. Бұған дейін күн райын болжаушылар Алматыда ауа температурасы күрт төмендейтінін хабарлаған болатын.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде