jasqazaq.kz

Алматыда қаңғыбастар арасында қанды қылмыс болды (видео)

20 шiлде 2020, 22:09

Алматыда қаңғыбастар арасындағы жанжал қанды қылмыспен аяқталды. Оқиға олар уақытша тұрып жатқан бейімдеу орталығында болған. Үй-күйі жоқ орта жастағы ер адам қасындағы қаңғыбасты бауыздап тастапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір бейімдеу орталығының ғимаратында жөндеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан мұндағы тұрғындар екі ай бұрын ауладағы күркелерге көшірілген екен. Қос панасыздың таң сәріде не бөлісе алмай қалғаны белгісіз. Ал ажал құшқан – 71 жастағы адам. Мекеме басшылары қанды қылмысты жасырғысы келсе керек, карантинді сылтауратып тілшілерді ішке кіргізбеді. Ал тәртіп сақшылары қаңғыбастар мекеніндегі оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастаған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

-Адам өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала анықталғандай, екі тарап бір-бірімен жанжалдасып, нәтижесіндже бір тарап екіншісіне пышақ қолданған. Соның салдарынан адам өлімі болған. Қазір тергеу амалдары жалғастырылуда.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде