jasqazaq.kz

Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізіледі?

15 наурыз 2021, 16:44

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қандай жағдайда толықтай карантинге жабылатынын айтты.

Жандарбек Бекшин шектеу шараларын жалғастыру керектігін баса айтты. «Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 5000 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орындарды толығымен аламыз. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Уақтылы шаралар қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз — бұған жол бермеу», — деді ол ZOOM конференциясы барысында. Еске салайық, 10 наурызда Алматы «қызыл» аймаққа енді. Карантин режимі қалада 13 наурыздан бастап күшейтілді. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис мектептерінде сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспайтынын айтқан болатын. Сонымен қатар, өткен демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда, қалада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия