jasqazaq.kz

Алматыда қандай жағдайда локдаун болуы мүмкін?

20 қазан 2020, 13:25

Алматыда қандай ахуал болған жағдайда локдаун енгізілетінін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Барлығы қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Халыққа қауіпсіздік шараларын түсіндірудеміз. Сонда да заңбұзушылықтар болып жатыр. Егер маскалық режим сақталса, әлеуметтік қашықтық күшінде болса, адам көп шоғырланған жерлерге бармайтын болсақ, онда эпидахуал тұрақты болады. Қазір ауру көрсеткішін өсірмеу үшін барлық шара қабылданып жатыр. Алайда көп нысандар қауіп тобына жатады. Бұл караоке, бар, бильярд тағы басқа нысандар. Осындай нысандарға баруды доғара тұрсақ, локдаун енгізілмейді», — деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін ол Алматыда ауру көрсеткіші ақырындап өсіп келе жатқанын айтқан болатын.

Сондай-ақ бас санитарлық дәрігер шетелге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.

Айта кетсек , Алматыда ПТР талдауының қуатын тәулігіне 22 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия