
Алматы қалалық полиция департаменті бөтеннің мүлкін ұрлады деген жеті күдіктінің суретін таратты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, бұл азаматтар әр уақытта ұсталған. Олардың жасы 24-тен 55-ке дейін. Оларды — қалта ұрлығы байланыстырады. «Ұсталғандардың көпшілігі бұрын да осындай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жасырын ұрлау арқылы бағалы заттарды иемдену бас бостандығынан айыру қорқынышынан басым болады. Клептомания деген ауру бар, бірақ заң жүзінде бірде-бір елде мұндай «науқастарға» олардың «симптомдары»түспейді. Кейбір азаматтарға бұл тұлғалар таныс болуы мүмкін, себебі алғаш рет жарияланып отырған жоқ. Қала тұрғындары қоғамдық орындарда «жұмыс істейтін» ұрыларды біліп жүргені тиіс. Бұл жеке мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға көмектеседі», — деді Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.