jasqazaq.kz

Алматыда кептерлердің қырылуы. Сараптама қорытындысы шықты

11 мамыр 2020, 12:24

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында құстардың қырылып қалуының себебін анықтады.

Мамандар құстар уланбаған деген қорытынды шығарды. «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесінің қорытындысына сәйкес, құс тұмауы, Ньюкасл ауруы, орбитоз, хламидиоз, пастериоз сияқты инфекциялық аурулар анықталмады; ағзасында ауыр металдар, хлор табылмады; құстардың асқазаны бос болды.

«Ветеринарлық зертхананың құстар уланбаған деген қорытындысына, оның ішінде хлормен уланбағанына қарамастан барлық мердігер ұйымның дезинфекциялық құралдарының құрамы тексерілді. Барлық құрал стандартқа сәйкес болып шықты және адамдар мен жануарларға еш зияны жоқ» делінген Алматы әкімдігінің жауабында.

Еске сала кетсек, 25 наурызда әлеуметтік желілерде Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында қырылып қалған құстардың видеосы пайда болған. Алдын ала болжам бойынша құстар уланғаннан қырылуы мүмкін деген ақпарат тарады.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде