jasqazaq.kz

Алматыда кеңсе ғимаратының жанынан жарық шуылды граната табылды

27 сәуiр 2022, 18:01

Алматыда Төле би даңғылы мен Мұратбаев көшесінің қиылысында орналасқан кеңсе ғимаратының жанынан жарық шуылды граната табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жоғарыда аталған аумақты аралап жүрген күзетші кеңсе ғимаратының жанынан оқ-дәрі тапқан. Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері келіп, іргелес аймақты қоршауға алды. Кейіннен саперлер хабарлағандай, граната тұтандырғышсыз және адамдарға қауіп төндірмейтіні белгілі болды. «Алмалы аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтайды. Айта кетейік, жарық шуылды оқ-дәрілер — бұл адамға жарық шуылды және жарықшақты әсер ететін, өлімге әкелмейтін арнайы құралдар болып табылады», — деп хабарлады полициядан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр