jasqazaq.kz

Алматыда кейбір қызмет түрлеріне қайтадан тыйым салынуы мүмкін

03 маусым 2020, 16:59

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қайтадан тыйым салынуы мүмкін екенін айтты.

Қала тұрғындары банкет пен той жасауға тыйым салынғанына қарамастан, тамақтану орындарында бір дастарқан басына 30-40 шақты адамдардың жиналғанын байқағандарын айтып жүр.
Осы фактілерге түсінік бере отырып, Бекшин мұндай жағдайларда қала тұрғындары тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау үшін аумақтық әкімдіктер мен комитеттің департаменттеріне бірден хабар беру керектігін айтты.

Сонымен бірге, ол карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты көптеген немқұрайлы кәсіпкерлер белгіленген карантиндік ережелерді өрескел бұзуда екендігіне де тоқталды.

Біз бұл қызмет түрлерін, тіпті ол мейрамхана, сауда және тағы басқасы болсын, барлық жағдайларды мейлінше егжей-тегжейлі зерттейміз. Біз ортақ заңдылықты бұзған нысандар қызметіне қайтадан тыйым салу мәселесін көтеретін боламыз, — деді Бекшин.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия