jasqazaq.kz

Алматыда кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған

19 мамыр 2022, 15:14

Алматыда алаяқты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді: ол кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған. 1981 жылы туған күдікті өз кінәсін мойындады деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға жүгінген кәсіпкердің айтуынша, бейтаныс ер адам одан жалған қарыздар есебінен 260 мың доллар бопсалап, күш көрсетумен қорқытқан.

Алматы ПД баспасөз қызметі бұл факті жедел және арнайы іс-шаралар барысында расталғанын түсіндірді.

Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков:

Полиция арнайы жасақтарының қатысуымен өткізілген операция нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде қаражат тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомствода атап өткендей, арнайы операция Әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан дәмханалардың бірінде жүргізілді.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі:

Күдіктінің осы маңда тұратыны анықталды, сондықтан ол ыңғайлы жерге «кездесу» тағайындаған. Ол мойындады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр