jasqazaq.kz

Алматыда карантин талабын бұзған түнгі клуб әшкереленді (видео)

17 қазан 2020, 13:53

Алматыда карантин талаптарын бұзған түнгі клуб басшылығы жазаға тартылды.

Мониторинг тобы түнгі клубқа түнгі 01:40-та ескертусіз тексеру жүргізді. Олар келгенде клубта адам көп болған.

«Клуб басшылығы бұл әрекетіне дұрыс түсініктеме бере алмады. Жиналған материал әкімшілік өндіріс үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөліміне жіберілді. Сонымен қатар, осы түні арнайы мониторинг тобы тағы біраз нысанды аралады. Негізінен, адам көп шоғырланған тамақтану орындары тексерілді», — дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

Түнгі рейдке әкімдік, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Жетісу аудандық ПБ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары шыққан.

https://youtu.be/nKkvthPnKsQ

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия