jasqazaq.kz

Алматыда карантин режимі күшейтіледі

10 наурыз 2021, 13:40

Алматы коронавирус таралуына байланысты «қызыл аймаққа» өтті. Осыған орай қалада карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

Брифинг барысында журналистер Наурыз мерекесіне байланысты эпидемиологиялық ахуал қалай өзгеретінін сұрады.

«Кез келген мереке халық арасындағы байланысты арттырады. Яғни, бұл ауру таралуының көрсеткішін ұлғайтады. Жұртшылық Наурыз мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Ал бүгіннен бастап Алматы эпидемиологиялық ахуал матрицасының қызыл аймағына өтті. Енді жаппай бұқаралық шараларға тыйым салынады», — деді Ә.Қалықова.

Оның айтуынша, қалада шектеу шаралары күшейтіледі. Жақында қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланады. Қазір құжат талқылау сатысында жатыр.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия