jasqazaq.kz

Алматыда карантин күшейтіледі

20 наурыз 2021, 22:32

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы-бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Соңғы тәулікте мегаполисте 437 адамнан коронавирус анықталды. Осыған байланысты сән салондарына тек шаш қиюға ғана рұқсат. Басқа қызметтерге тыйым салынады. Сауда орталықтары мен сауда үйлері 20 наурыздан 28 наурызға дейін жабық болады. Қоғамдық тамақтану орындарына тамақты тапсырыспен жеткізіп беруге рұқсат етіледі»,- дейді ол.

Спорттық кешендер де жұмыс істемейді.

«Медеу» мен «Шымбұлақ» шаңғы курортында жаппай сырғанауға тыйым салынады. Келушілер саны 50% (1000 адамға дейін) азайтылуы керек. «Шымбұлақ» тау курортындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін, тек жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі»,- дейді Жандарбек Бекшин.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Қазпочта» АҚ бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша таңғы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотореялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады», — деп атап өтті спикер.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия