jasqazaq.kz

Алматыда әйелді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды — ІІД

23 қыркүйек 2017, 12:35

Алматыда әйелді қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды, — деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, жол апаты түнде сағат 23.50-де Түрксіб ауданында болған еді.

«1965 жылғы әйел жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп бара жатқан. Осы сәтте солтүстік бағытпен Toyota Land Cruiser көлігі келе жатқан. Тізгінде 1994 жылғы жігіт болған. Ол әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта жүргізуші ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Таяуда оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады», — деді Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасы басшысының орынбасары Олжас Шәріпов.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады: ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») мен ҚР Қылмыстық кодексінің 347-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде