jasqazaq.kz

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды (Видео)

28 ақпан 2022, 15:07

Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Синтетикалық есірткі шығаратын цех Қалқаман шағын ауданындағы жеке үйдің жертөлесінде жұмыс істеген. Белгілі болғандай, үй өткен жылдың қазан айында жас жігітке жалға берілген.

«Тінту кезінде полиция қызметкерлері мефедрон синтетикалық психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған ұнтақ және кесек түріндегі заттарды, химиялық заттар салынған пластик ыдыстарды, сұйықтықтары бар колбаларды, электронды таразыларды және басқа да құралдарды тәркіледі.

Есірткі шығаруға жауапты – 23 жастағы О.есімді азамат. Толық емес медициналық білімі бар жас жігіт есірткі өндірісін жолға қойған. Барлығы есірткі зертханасында бірнеше келі кептірілген заттар тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр «шөптің» салмағы шамамен 160 грамм, ақ – 500. Бұл дайын өнім және оны дозаға сай орау керек болды», — деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Жертөледен табылғанның бәрі: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде, сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр