jasqazaq.kz

Алматыда ірі автопарк нарықтан кетті

29 маусым 2020, 12:04


Алматыда ең ірі автопарктердің бірі «АвтоТрансГаз» ЖШС экономикалық ахуалдың кесірінен нарықтан кетті.
Бұл компанияның маршруттары басқа тасымалдаушыларға берілді. «Құрметті жолаушылар, 16, 29, 29-р, 34, 47, 50, 85, 106, 112 және 126 бағыттар — «АлматыЭлектроТранс» ЖШС, 3 бағыт — «СитиБас» ЖШС, 107-бағыт — «Бату Тревел» ЖШС берілді, 108-бағдар әзірге жұмыс істемейді», — деп жазды Аlmaty Avtobustary . Нарықтан ірі автопарк кетіп бара жатқанын қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов та растады. «Бүгіннен бастап экономикалық ахуалға байланысты компания жұмысын тоқтатты. Қазір экономикалық жағдайды қарап жатырмыз. Кәсіпорынды шығаруға әлі ерте деп ойлаймын. Бұл компания қалада 12 бағытқа қызмет етеді екен. «АлматыЭлектроТранс» ЖШС күшімен резервтегі автобустарды осы маршруттарға шығардық. Бұл компанияның жүргізушілері басқа кәсіпорындарға жұмысқа шығады», — деді Ерлан Әділов.

 ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі