jasqazaq.kz

Алматыда инженерлік желі құрылысын жүргізген компания жауапкершілікке тартылды

04 қараша 2020, 11:54

Алматыда екінші рет инженерлік желі құрылысында заң бұзған мердігер компанияларға қатаң шара қолданылып жатыр.

Алматы әкімі көлік магистральдарында жұмыс істеп жатқан мердігер компанияларға қатаң талап қойған. Сол талаптардың орындалуын қалалық Қала құрылысы басқармасы тексерді. Тексеру нәтижесінде Төле би көшесінің Н. Тілендиев пен А.Байтұрсынов көшелері аралығындағы учаскесінде инженерлік желілердің реконструкциясы кезінде заң талаптары бұзылғаны анықталды. «Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары жобалық шешімдерге сай жүргізілмеген. Жоба бойынша автожолдардың астына кететін желілер горизонталды бұрғылау арқылы жүргізілуі тиіс болған. Ал шын мәнінде су құбыры, кәріз, электр желісі, газбен қамту желілерінің футляры ашық әдіспен жасалған. Бұл жол қозғалысын қиындатып, кептеліс тудырған», — деді қалалық Қала құрылысы басқармасынан. Сонымен қатар жер жұмыстарында топырақ қажетті дәрежеге дейін тығыздалмаған. «АГС Пласт» ЖШС мердігерлік компаниясына ҚР ӘқбК 312-бабының 1-бөлімі және 315-бабымен әкімшілік іс қозғалды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия