jasqazaq.kz

Алматыда интимді массаж салоны анықталды

16 маусым 2021, 16:59

Интимді қызмет көрсететін массаж салоны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл жолы ол Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасты.

– “Стоп Трафик” жедел алдын алу іс-шарасы барысында біздің бөлімнің қызметкерлері боди-массаж жасайтын салонды анықтады, оның негізгі профилі, ақшалай сыйақы үшін интимді қызметтер көрсету болды. Нысанды тексеру кезінде мекеме әкімшісі және салонда массажист ретінде жұмыс істейтін алты қыз ұсталды. Олардың жасы 20-дан 27 жасқа дейін, Алматы және Ақтөбе облыстарынан келген. Әйелдер әртүрлі инфекциялардың, оның ішінде коронавирустың жұқтыру қаупін ескермей, ақша табу мақсатында клиенттерді қабылдады, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. Салон қызметкерлері жеке басын анықтау және полиция жазбаларынан тексеру үшін Бостандық аудандық ПБ-на жеткізілді. Интимдік кәсіпті ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия