jasqazaq.kz

Алматыда инновациялық жобалар байқауы аяқталды

24 қазан 2018, 16:15

Алматыда «Zhastar Innovation  2018» жобасы аясында өткізілген «Үздік инновациялық  жобаның» жеңімпазы анықталды. Қорытынды кеште жас кәсіпкерлер стартаптарын өндіріске енгізу мақсатында жиналған қонақтарға арнап көрме ұйымдастырды. Көрсетілім барысында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Қалтаева ханым жеке-жеке бастауыш кәсіпкерлеріміздің жобасымен танысып шықты. Өнертапқыштарымыздың талантына тан қалғанын және риза болғанын ерекше сөздерімен жеткізді.

Ол «Бүгін мен жастарымыздың жалынды, мықты, талантты екеніне тағы да көзім жетті. Барлығының стартаптары бірінен- бірі асады. Ең бастысы барлық жобаның елімізге, халқымызға тигізер пайдасы мол. Бұгінгі жастарға қарап, болашақта нағыз кәсіпкерліктің іргетасы қаланбақ деп нық сеніммен айта аламын»- деп сөзін түйіндеді.

1 миллион теңгеге ие болған, Айбек Рахымовтың тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға арналған қораптары, яғни «Tazalyk» жобасы. Жаңа бастама іс-шараға келген барлық  кәсіпкердің қызығушылығын оята білді. Себебі, қазіргі уақытта қоқысты тастағанымызбен, оны пайдаға жаратып жатқандар жоқтың қасы. Қажет десеңіз тіпті тұрмыстық қалдықтарыңызды саудаға саласыз. Иә, жоба авторлары қажетсіз қоқысыңыз үшін сізге қаражат төлейді. Жаңа стартап кез-келген дүниені керегімізге жаратуға болатынын тағы да түсіндіргендей.

Ауқымды шараны Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Екі айға созылған байқауға қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерінен 200-ге жуық жұмыстар келіп түскен. Оның ішінен ең жақсы деген 50 стартап таңдалып алынды.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде өткізілетін  «Zhastar Innovation» байқауының негізгі мақсаты – жастардың инновациялық белсенділігін арттырып, жаңа технология саласында маңызды жобалар жасап шығаруға бағытталған. Сондай-ақ инновациялық стартаптарына қолдау көрсетіп, ынталандыру. Үздік деп танылғанын өндіріске енгізу.

Кеш соңында, қазылар алқасының шешімі бойынша жақсы деп танылған жұмыстарға танымал кәсіпкерлер демеушілік етіп, өз оқу орталықтарынан тегін курстан өтуге жолдамалар берді. Ал алғашқы орын ақшалай сыйлықпен марапатталды.  Сондай-ақ әлеуметтік жобаның бірі, жастар арасынан құрылған театр қойылымдарымен көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

 

Дина Иманбаева

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді