jasqazaq.kz

Алматыда ХҚО қызметкерлері зардап шекті

03 қыркүйек 2019, 15:40


Елімізде ХҚО қызметкерлеріне тап беру жағдайлары тыйылатын емес. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай осылай дабыл қағып отыр.

«Алматыда ХҚО қызметіне қол жұмсауға қатысты екі жағдай тіркелді. Сондай жағдайлардың бірі Алмалы аудандық ХҚО-да болды. Ер адам өзінің кәмелетке толған қызы үшін мекенжай анықтамасын алмақ болған. Аталмыш мемлекеттік қызметтің стандартына сәйкес, ер адам өзінің жеке куәлігін, туыстығын растау үшін қызының жеке куәлігі мен туу туралы куәлігін беруі тиіс еді. Ер адамға құжаттардың толық пакеті керек екені бірнеше мәрте ескертілсе де, ол міндетті құжаттарсыз анықтаманы беруді талап еткен. Осыдан кейін ХҚО қызметкері бұл құжатты беруден бас тартқаннан соң ер адам оны бір ұрып, мұрнын сындырып кеткен», — деп жазды Мұрат Жұманбай Facebook-тегі парақшасында. Оның айтуынша, дәл сол күні Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында осыған ұқсас жағдай тіркелген. «Ол жерде атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін бір әйел келген. Оған қажетті анықтама egov.kz электронды үкімет порталында онлайн түрде қолжетімді. Өздігінен ала салуға болатын құжат. Әлгі әйел ХҚО кеңесшісіне келіп, аталған анықтаманы алу үшін көмек сұрайды. Кеңесші келісіп, алып бермек болған кезде анықтама порталда ұзақ уақыт бойы өңделе бастайды. Ақыры, әйел шыдамай, дауыс көтеріп, мемлекеттік корпорация қызметкеріне дене жарақатын салған», — дейді ол. Екі жағдайда да ХҚО қызметкерлері патрульдік полицияны шақырған. Қазіргі уақытта аталған материалдар аудандық полиция басқармаларында жатыр. Мұрат Жұманбай 22 тамызда да Шымкентте ер адам ХҚО қызметкерін ұрып, жәбір көрсеткенін айтады.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда