jasqazaq.kz

Алматыда газға уланып өлмек болған ер адам құтқарылды

15 ақпан 2022, 12:51

Алматыда ішімдік ішіп алған ер адам газбен уланып, өз-өзіне қол салмақ болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай Медеу ауданында болды. Полицияның кезекші пультіне Уәлиханов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің кіреберісінде түтін шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.

«Ең алдымен, патрульдік полиция жасағы мен келген учаскелік инспектор үй тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға кірісті. Пәтерлердің бірінің балконында қолында пышақ ұстаған ер адам өз-өзімді өлтіремін деп айғайлаған. Абырой болғанда, патруль мен учаскелік полиция қызметкері ер адамды құтқарып қалды. Өзін өлтіруге жол бермеді. Кейін белгілі болғанындай, ішімдік ішіп алған алматылық өзін улап өлтіру үшін газды ашып тастаған. Уақытылы берілген дабыл мен қабылданған шаралардың арқасында қайғылы жағдайға жол берілген жоқ», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

«Белгілі болғандай, ер адам бұл пәтерді бір тәулікке жалға алған. Ойластырылған жоспарды іске асыру үшін әдейі алған болуы мүмкін»,- дейді полиция өкілі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде