jasqazaq.kz

Алматыда газ тасымалдайтын көлік жарыла жаздады

03 қантар 2020, 23:04

Алматыда газ тасымалдайтын көлік сәл болмағанда жарыла жаздады.Бұл туралы   қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

2 қаңтарда 15:20-да 101 пультіне Әбіш Кекілбайұлы көшесінің бойында «бензавоз өртенді» деген хабарлама түскен. Оқиға орнына жақын маңдағы өрт сөндіру қызметінен мамандар аттанған. Осы уақытта газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі Оспанов Оңғарбек абдырап қалмай, өртті сөндіруге кіріскен. Сондай-ақ, кездейсоқ өтіп бара жатқан авто жүргізушілер көмекке келген.

«Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ толы цистернаны суытуға кіріскен. Жүргізушінің әрекеті мен басқа да адамдардың көмегінің арқасында 10 тонна көлеміндегі газ жарылу қауіпі сейілген», — делінген хабарламада.

Газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі жолда келе жатып, құрылғылар ақаумен жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Бірдеменің дұрыс еместігін аңғарған ол, қозалысты тоқтатып, көлігінен түскен кезде, түтін шыққанын байқаған.

Газ тасымалдайтын көліктің қозғалтқыш бөлігінде қысқа тұйықталып, 0,5 шаршы метрде өрт шыққан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде