jasqazaq.kz

Алматыда газ баллон жарылды

18 қараша 2019, 15:02

Өткен аптада Алматыда — 5, Алматы облысында 2 жарылыс оқиғасы болды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде өткен брифингте ведомство төрағасы Владимир Беккер айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Біздің бөлімшелер полиция қызметі, жергілікті атқару органдары және еріктілер ұйымдарымен бірігіп, 72 мың тұрғын үйді тексеріп шықты. Нәтижесінде 131 482 адамға қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірілді», — деді ол. Оның айтуынша, қолға алынған жұмыстар жер үйлердегі өрт оқиғаларын алдыңғы аптамен салыстырғанда 35% азайтуға мүмкіндік берген. «Өткен аптада Алматыда — 5, Алматы облысында 2 жарылыс жағдайы тіркелді. Алматы қаласындағы оқиғалардың төртеуі газ құрылғысын орнату ережелерінің, тағы бірі от жағатын пешті іске қосу талаптарының сақталмауынан болды», — дейді ол. В.Беккердің мәліметінше, 15 қараша күні Алматы қаласындағы жер үйде газ баллоны жарылып, бір және үш жасар екі бала ауруханаға жеткізілді. «Балалар бірінші, екінші дәрежелі күйік жарақаттарын алған. Олардың бет-жүзі мен аяқтарының 15-20% күйіп қалған», — деді ТЖК басшысы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда