jasqazaq.kz

Алматыда фирма кеңсесінен ақша салынған сейф ұрланды (Видео)

29 қараша 2021, 17:50

Алматыда фирма кеңсесінен ақша салынған сейф ұрланды Алматылық фирмалардың бірінен ұрылар ішінде 1,5 млн астам теңгесі бар сейфті ұрлап кетті.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер ұсталды. Олардың ұрлық жасау әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Кеңсеге кірудің бірінші әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл сәтті де бейнекамералар түсіріп алған. Басты іс-шара кезінде күдіктілердің бірі екінші қабатқа көтеріліп, пластик терезені ашқан және сол арқылы сейфті көшеге лақтырып жіберген. Төмен жақта екінші күтіп тұрған. Күдіктілердің олжасы бір жарым миллион теңгеден астам соманы құраған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдіктілер ұсталды. Олар 26 және 28 жастағы жігіттер», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталғандарға бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып тағылды. Олар қамауға алынды.

ktk.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр