jasqazaq.kz

Алматыда фельдшерді сабаған адам қамауға алынды

05 сәуiр 2020, 10:33

#үйдеотыр

Алматыда медициналық көмек көрсетуге келген фельдшерге қол көтерген адам ұсталды.

Жедел жәрдем қызметіне терезені сындырып қолын кесіп алған мас адамға көмек керек деген хабарлама келген. Оқиға орнына жеткен фельдшер Ақкент шағынауданының 35 жастағы тұрғынының қолын қарап жатқанда ер адам ашуланып оны бетінен ұрған. Бұзақы ҚР ӘқбК 73-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгін ауданаралық әкімшілік сот оны 5 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Қазір Түрксіб ауданы сотында осыған ұқсас іс қаралып жатыр. Мұнда да мас адам көмек көрсетуге келген медициналық қызметкерді соққыға жыққан. Басынан жарақат алған дәрігер ауруханаға жатқызылды.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі