jasqazaq.kz

Алматыда фаркомпанияның менеджерін пышақтаған қарақшылар ұсталды

07 тамыз 2019, 11:34

Алматылық полицейлер дәрі-дәрмек сататын фирма менеджеріне қарақшылық шабуыл жасаған екі ер адамды ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«5 тамыз күні түстен кейін, 29 және 22 жастағы екі адам кеңсе меңгерушісіне қарақшылық шабуыл жасады. Олар электрошокер мен пышақты қолдану арқылы жәбірленушінің сөмкесін қолды еткен. Онда 500 мың теңге, ұялы телефон, әмиян мен көзілдірік болған. Фармацевт компаниясының қызметкері қарақшыларға қарсылық білдірген. Салдарынан пышақ жарақатын алған. Ұрылар жәбірленушінің қолын телефон кабелімен байлап, тастап кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы оны ауруханаға жеткізді. Оған «сол жақ жаңбасының сұғылып-кесілген жарақаты, бел аймағының терең тимеген сұғылып-кесілген жарақаты» диагнозы қойылды», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Абзал Тұрғаналы. Тергеушілер күдіктілердің қашқан жолын бірден анықтап, олар отырған таксиді тапты. «Жедел іздестіру шаралары нәтижиесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар Алматы және Жамбыл облыстарының тумалары, 1990 және 1997 жылғы азаматтар. Сотқа дейінгі тергеу барысында қаскөйлердің жасаған қылмысының мән-жайы анықталып, олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысының бар-жоғы тексерілетін болады», — деді подполковник Абзал Тұрғаналы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда