jasqazaq.kz

Алматыда Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді

26 қараша 2019, 14:09

Алматыда халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне көше атауы берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматыда Алатау ауданына қарасты Алғабас ықшамауданындағы бұрынғы Ақсай көшесіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді. «Атырауда аспанмен таласқан үлкен ескерткіш қойылды. Елордамызда Нұр-Сұлтан қаласында көшесі ашылды. Дәл сол секілді мерейлі белесіне орай Алматы қаласында да дәл сондай шараның бір куәсі болып отырмыз. Фариза апамызға көше берілер кезде бұл барлық деңгейлерде елдің бірауыздан мойындағандығын көрсетті», — деді Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов. Көшенің салтанатты ашылу рәсімінде халық жазушысының көзін көрген әріптестері естеліктер айтты. «Фариза апай осы жерде қазақтың рухының өсуіне, қазақтың қазақ болуына, қазақтың қыздарының ешкімнен кем болмауына бір адамдай еңбек сіңірген. Сол өзінің керемет отты өлеңдерімен осы Алматыдағы қазақтың ең бір үлкен рухани анасы болып жүрді. Сондай түп түзу көше, апайдың өзінің жан дүниесі сияқты ғажайып көше, айналасы паркке айналатын керемет көшені беріп жатқан Алматы қаласы әкімдігіне көп көп рахмет айтамыз»,- деді жазушы Мереке Құлкенов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда