jasqazaq.kz

Алматыда есірткі сатқан порностудия иесі ұсталды (Видео)

05 қараша 2022, 11:48

Алматыда есірткі сатқан порностудия иесі ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел әрекет есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде 20 жастағы В. есімді ер адамды ұстады.

«Ол жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту барысында күдіктіден клиентке сатпақ болған синтетикалық есірткі салынған бума тәркіленді. Мәміле болған жоқ. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі психотроптық зат меткатинон — 4метилметкатинон (мефедрон) аналогы. Сонымен қатар, осы клубтың тұрақты келушілерінің бірі — 26 жастағы М. есімді адамға қатысты да жедел және арнайы іс-шаралар өткізілді. Оның тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту жүргізілді. Тұрғын үйдегі кәдімгі пәтер есірткі тұтынатын адамдардың орнына айналған. Сол жерде 6 адам ұсталды. Қазір олардың жеке басы тексеріліп жатыр», — деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі тұтынатын орынның иесі порностудияны да құрған. Ол Алматы қаласының элиталық шағын ауданында орналасқан.

«Онда 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген. Жедел деректерге сәйкес, олар — нашақорлар. М. есімді ер адам оларды есірткімен қамтамасыз еткен. Порнографиялық мазмұндағы видеолар таратылатын WEBKAM студияны ер адам бірнеше ай бұрын құрған. Қазір оның әрекетін ҚР Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша саралау мәселесі шешіліп жатыр. Негізгі қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деді Әлмағамбетов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр