jasqazaq.kz

Алматыда есірткі сатқан мейрамхана аспаздары ұсталды

17 мамыр 2022, 13:11

Алматыдағы танымал мейрамхана аспаздары есірткі саудасымен айналысқан. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірнеше апта жедел ақпаратты тексердік. Күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталды.

«Гашиш» сатқан элиталық мейрамханалардың бірінің аспазы 1973 жылы туған М. есімді азамат жұмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында екі сіріңке қорапшасынан және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бумадан есірткі заты табылды»,- деді, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Сонымен қатар, тексеру барысында есірткі сатумен айналысқан 42 жастағы аспаз-әйел анықталды. Д. есімді азаматшаның үйінен ұнтақ зат салынған пакет табылды, оның шынайы есірткі екені сот-химиялық сараптама арқылы дәлелденді. Екі дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр