jasqazaq.kz

Алматыда ешкім үй-үйді аралап, халық санағын жүргізбеген

07 ақпан 2020, 15:56

Алматыда халық санағына қатысты алаяқтық туралы ақпарат жалған. Бұл жөнінде Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мегополисте халық санағына қатысты алаяқтық фактісі тіркелген жоқ. «Алматыда белгісіз адамдар үйлерді аралап халық санағын жүргізіп жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, азаматтар тарапынан да шағым түскен жоқ. Әртүрлі мессенджерлер арқылы тарап жатқан мұндай мағынадағы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Осыған байланысты біз азаматтарды тек мемлекеттік органдардан келіп түскен хабарламаларды назарға алуға және күмәнді дереккөздер таратқан ақпаратты ары қарай таратпауға шақырамыз. Оның салдарынан тұрғындар арасында негізсіз дүрбелең туындауы мүмкін«, – дейді қалалық полиция.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия