jasqazaq.kz

Алматыда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

09 маусым 2022, 12:19

Алматыда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 маусым күні кешкі сағат 22:10 шамасында Алматы-1 және Алматы-2 станциялары арасындағы учаскеде болған.

«Көлік полициясының кезекші бөліміне жолаушылар пойызының белгіленбеген жерде теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама түсті. Зардап шеккен тұрғын алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды»,- дейді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ляззат Қасымжанова.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», — деп атап өтті ведомство өкілі. Сонымен қатар, ол теміржолдың қауіпті аймақ екенін еске салды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде