jasqazaq.kz

Алматыда ер адам жұрттың көзінше өзін өлтірмек болды

01 қазан 2020, 10:45

Алматылықтар қанды оқиғаның куәгері болды. Мас ер адам көп жүретін көшеде тамырын кесуге тырысты.Бұл туралы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап  Stan.kz хабарлайды.

Төтенше жағдай танымал Арбатта болды. Оқиға дейін бірнеше минут бұрын қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне мас жолаушы мен оның досы агрессивті әрекет етіп, адамдарға тиіскені туралы шағымданған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бұзақыларды ұстауға тырысты. Сол кезде алматылық көпшіліктің көзінше өзін өлтірмек болды. Нәтижесінде оны ауруханаға жеткізді. Бірақ жазадан құтыла алмады. Ер адамға айыппұл салынды.

«Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық адамгершілікті қорлайтын мас күйде келгені үшін әкімшілік жаза қолданылады және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауқа алуға әкеп соғады», — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде