jasqazaq.kz

Алматыда ер адам жанынан өтіп бара жатқан бойжеткенді пышақтап тастады

25 наурыз 2021, 14:20

Алматыда мас ер адам жанынан өтіп бара жатқан қызға пышақпен шабуыл жасады. Зардап шегуші пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 наурыз күні болған. «Жанымнан өтіп бара жатқан адамнан зардап шектім. Ол менің арқама пышақ салды. Өкпеме де зақым келді. Ота жасалды. Қазір денсаулығым жақсы. Дәрігерлерге алғысым шексіз алғыс», — деп жазды жарақат алған қыз Instagram-дағы парақшасында. Сонымен қатар, ол өзін пышақтаған адамды танымайтынын айтты. Полиция департамертінің баспасөз қызметі, күдіктінің ұсталғанын мәлім етті. «Күдікті 1969 жылы туған В. есімді мегаполис тұрғыны болып шықты. Ол алкогольдік масаң күйде өтіп бара жатқан қызға негізсіз шабуыл жасап, пышақпен жарақаттаған. Қазір қыз ауруханада жатыр. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелген. Тергеу жүріп жатыр «, — деп хабарлады полициядан.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия