jasqazaq.kz

Алматыда ер адам қолдан ішімдік жасап сатқан (видео)

05 қыркүйек 2017, 11:01

Алматыда ер адам алкогольдік ішімдіктерді қолдан жасап сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздестіру барысында МКД экономикалық тексеру қызметінің мамандары Алатау ауданындағы үйлердің ауласындағы астыртын цехті әшкереледі. Ер адам спирт пен суды араластырып, белгілі ішімдік өнімінің бөтелкелеріне құйып келген. Тексеру барысында 5 белгілі марка өнімінің есептік бақылау маркалары жапсырылған 1350 бөтелке, 1500 есептік бақылау маркасы, стақандар табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті алкогольдік ішімдіктерді сатып алған кезде міндетті түрде чек талап етуді ескертеді.

 

https://youtu.be/s8Cfowz7eUA

https://youtu.be/eOK2CzdAtDw

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде