jasqazaq.kz

Алматыда ер адам көлік нөмірлерін ұрлап, иелеріне сатпақ болған (Видео)

15 сәуiр 2022, 11:41

Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті 26 жастағы О. есімді азамат болып шықты. Ол — Қарағанды ​​облысынан келген, еш жерде жұмыс істемейді.

«Қаскөйдің Алматыға бір апта бұрын келгені анықталды. Ол қылмыстық жолмен күн көруді ұйғарған. Тұрғын ауданда тұрғын үйлер ауласындағы бөтен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге «сатып алу» туралы ұсыныспен хат қалдырған. Біздің ауданда ғана күдіктінің осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол осы эпизодтардағы кінәсін мойындайды. Сонымен қатар, ер адамның шаһардың басқа жерлерінде тіркелген қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды», — деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаев.

Күдікті мұндай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр