jasqazaq.kz

Алматыда ер адам қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

08 қыркүйек 2021, 17:12

Алматыда қыздың интим сипаттағы суреттері мен видеосын әлеуметтік желіге жүктеймін деп қорқытып 12 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция ақпараты бойынша, ақша табудың бұл әдісін Шаңырақ ықшамауданының Д. есімді 40 жастағы тұрғыны жасаған. Бұрын ер адамның бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Полицияға 23 жастағы әйел анасының танысы әлеуметтік желіге интим сипаттағы фотосуреттер мен видеоны жариялаймын деп қорқытып 12 миллион теңге сұрағанын айтқан.

«Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 194-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, осыған дейін сұраған ақшаның жартысын алғанын айтты. Тергеу жалғасады», — деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде