jasqazaq.kz

Алматыда ер адам досының 11 жастағы қызын зорламақ болған

03 тамыз 2022, 10:42

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында М. есімді ер адам туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келген. Бәрі ұйықтап кеткен соң қонақ бөлмеде досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала айғайлап көмек сұраған. Көмекке әкесі мен ағасы келген.

«Олар полиция шақырып, күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға мүмкіндік берді. Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Жасалған құқықбұзушылықтың барлық мән-жайын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің, куәлардың және күдікті М. есімді ер адамның мойындауы, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі («Зорлауға оқталу») бойынша қылмыс жасады деген айып тағуға жеткілікті болды», — делінген хабарламада.

Алатау аудандық сотының үкімі – кінәлі М. есімді ер адамға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық