jasqazaq.kz

Алматыда ер адам 83 жастағы қарияны аңдып жүріп тонап кеткен (Видео)

22 маусым 2022, 10:46

Алматыда 83 жастағы қарияны тонап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнеткерді тонау оқиғасы қаланың Әуезов ауданында болған.

83 жастағы зейнеткерге тапа-тал түсте 10-шағынаудандағы үйлердің бірінің ауласында шабуыл жасалды. Ер адам қарт кісінің артынан жүгіріп келіп, мойнындағы алтын алқаны жұлып алған.

«Жәбірленуші материалдық шығынды 300 мың теңгеге бағалаған. Ол болған оқиға туралы полицияға хабарлады. Біз арнайы тергеу-жедел тобын құрып, күдіктіні анықталды және қамауға алдық. Ол зейнеткерді аңдып жүріп тонаған екен. Қарақшы оның алқасын Жандосов пен Щепкин көшелерінің қиылысында байқап, содан соң қолайлы сәтті күтіп тұрып шабуылдаған», — деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Елнұр Құдретбаев.

Анықталғандай, күдікті — 1990 жылы туған Л. есімді азамат бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр