jasqazaq.kz

Алматыда эпиджағдай күрделене түсті: Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады

23 қазан 2020, 15:56

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал шиеленісе түсті. Осыған байланысты қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады.

Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 23 қазандағы жағдай бойынша, бүгінге дейін мегаполисте жалпы коронавирус инфекциясының 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762 — симптомды, 5845 — симптомсыз.

«Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім — 0,3%, жұқтыру коэффициенті – 1,37 боп тұр. Осы аптада КВИ деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалып келеді», — деді Жандарбек Бекшин.

Жалпы, әлемдегі эпидемиялық жағдай нашарлап бара жатқаны атап өтілді. Мысалы, Ресейде күніне 12 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Еуропа мен Америка аймағында да осындай жағдай. АҚШ-та тәулігіне шамамен 60 мың жағдай, Францияда — 30 мың, Ұлыбританияда – 14 мың, Испанияда, Германия және Италияда 5-15 мың жағдайдан тіркеліп отыр.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия