jasqazaq.kz

Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

13 қараша 2020, 15:40

Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың саны өсуде. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

Қалада санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық ушығуы салдарынан күрделене түсуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 2,2 есеге өскен. Халықтың барлық жастағы топтарының КВИ ауруына шалдығу деңгейінің артуы ерекше алаңдаушылық туғызуда. 22 қазаннан бастап науқастар саны көбейген. Тек соңғы тәулікте тұрғындар арасында КВИ жұқтырғандардың 77 оқиғасы тіркелген. Адамдар көп шоғырланған орындарда КВИ жұқтыру салдарынан қоғамда эпидемиялық процесстер өршуде. Жүргізілген эпидемиологиялық сараптамалар нәтижесінде инфекцияның 53% -ы қоғамдық көлікте, 23% -ы үй жағдайында, 17% -ы қоғамдық орындарда жұғатындығы анықталды. Сондықтан Алматының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қала тұрғындарына профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады. Біріншіден, адамдар көп жиналатын орындардан, әсіресе 65-тен асқан адамдардың аулақ болғаны жөн. Екіншіден, маска тағып, қоғамдық орындарда, дүкендерде, дәріханаларда және тағы да басқа жерлерде әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет.

«ЖРВИ белгілері байқалса үйден шықпай, дәрігерді үйге шақыру керек. Өзіңізді өзіңіз емдемеңіз, балаларды және егде жастағы отбасы мүшелерін жеке бөлмеде оқшаулап, жанашыр болыңыз»,– делінген әкімдік таратқан хабарламада.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде