jasqazaq.kz

Алматыда элиталық үйлердің қожайындары бюджетке қыруар ақша қарыз

15 қазан 2018, 11:30

Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 100 млн теңге қарыздар.

Мамандардың айтуынша, 2017 жылғы мүлік және жер салығын төлеу 1 қазанда аяқталғанына қарамастан, бұл үйлердің иелері қарызын жабуға асығар емес. Бұл үйлердің көпшілігі қаланың бақуатты аудандарында орналасқан. Атап айтқанда, Достық, Оңдасынов, Оспанов, Горная көшелері мен «Қыз-жібек», «Көктөбе», «Горный гигант» аудандарында.

Бүгінде аталған элиталық пәтерлер мен үйлердің қарызы 167 млн теңгеге жетті. Мәселен, Достық көшесіндегі ауданы 1000 шаршы метрден асатын, құны 185 млн теңгелік зәулім үйдің иесі бюджетке 1,1 млн теңге беруі керек. Борышкерлер арасында бірнеше пәтеріне салық төлемей жүргендер бар. Барлық қарыздар тұлғалар бойынша іс материалдарын сот орындаушыларына беру туралы салық бұйрықтары әзірленіп жатыр.

Салық органдары қарызды өндіру үшін банк операцияларын тоқтатады, салық төлеушілердің шетелге шығуына тыйым салады. Одан бөлек, келесі аптаның соңына дейін борышкерлердің аты БАҚ беттерінде жарияланады. Олардың арасында елімізге белгілі азаматтар бар.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде