jasqazaq.kz

Алматыда элиталық үйлердің иелері салықтан жалтарып жүр

05 қыркүйек 2019, 10:30

Алматыда элиталық үйлердің иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз. Бұл туралы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы мәлім етті.

Бұл үйлер Медеу ауданындағы Достық, Қыз Жібек, Оңдасынов, Горная, Көктөбе, Горный гигант шағын аудандарында орналасқан. Бүгінде олардың салықтық берешегі 34 млн теңгеге жетті. Мәселен, Қыз-жібек көшесінде орналасқан аумағы 750 шаршы метр болатын құны 95 млн теңге коттедждің қожайыны 1,5 млн теңге салық төлемеген. «Мұндай борышкерлер өте көп. Бұл істердің көпшілігі сотқа бағытталды. Егер олар қарыздарын келер аптаның соңына дейін төлемеген жағдайда, салық органдары олардың аттарын БАҚ арқылы жариялауға мәжбүр болады. Бұл тізімде атақты адамдар бар. Жеке тұлғаның салықтық борышы салық құпиясы болып саналмайды. Қазақстанда 13 тамыздан бастап салық рақымшылығы басталды. Негізгі қарыз төленген жағдайда үстіндегі өсімақысы кешіріледі»,- деді салық органдарынан.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде