jasqazaq.kz

Алматыда электросамокат пен мопедтердің жүру ережесін белгілейтін құжат дайындалуда

07 шiлде 2022, 17:08

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы электросамокат, мопедтерден туындайтын мәселелерді шешу жұмыстарының барысын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімінің айтуынша, аталмыш мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігі заңнамалық өзгерістер дайындауда. Одан бөлек, жаңа техникалық стандарт шықпақ. Қала әкімі егер ол стандарт қабылданса, Алматыда мәслихатта жаңа өзгерістер мен қосымша жаңа акттерді қабылдауға дайын екенін жеткізді.

«Одан бөлек, біз қосымыша жұмыстар істеп жатырмыз. Алматыда бүгінде электросамокаттарды жалға беретін 4 оператор бар. Солармен жұмыс жүргізудеміз. Атап айтқанда, жылдамдыққа лимит қою, тұрақтар, мопед пен электросамокаттардың жүруге және қоюға тыйым салынатын геолокация және т.б. нормалар дайындап жатырмыз. Осы шілде айының соңына дейін оған қол қоямыз», — деді Ерболат Досаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде