jasqazaq.kz

Алматыда электр энергиясы қымбаттады

07 ақпан 2020, 14:39

Алматыда электр энергиясы қымбаттады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Болат Сәмбетов брифинг барысында айтты.

Болат Сәмбетовтың айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының тарифі аздап көтерілді. «Өткен жылдың соңында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бағаны көтеру туралы өтініш жасады. Нәтижесінде тариф 4,6% қымбаттап, тұтынушылар әр киловатт үшін енді бұрынғыдай 16 теңге 36 тиын емес, 17 теңге 12 тиын төлейді. Мұндай шешім қабылдауға электр қуатын жеткізетін алпауыт компаниялардың қызмет құнын өсіруі себеп болды. Нақтырақ айтқанда, «Жаңартылатын энергия көздері бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифті 30%-ға, «KEGOC» желілері арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет 12% -ға, «ҚТЖ» АҚ қызметтерінің 2%-ға қымбаттауы», – деп түсіндірді Болат Сәмбетов. Оның айтуынша, қазір қаладағы суық су тарифі – 42,8 теңге, кәріз суы – 23, 13 теңге, жылу бағасы – 3365 теңге, газ – 26,5 теңге. «Өткен жылы тұрғындарға жылу тарифі 18 пайызға төмендеді. Биыл жылу тарифтері көтерілмейді деп үміттенеміз, өйткені біз бұл жерде тарифтің көтерілуіне ешқандай себеп жоқ»,– дейді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия