
Алматыда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 405-бабы «Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу» бойынша істі тергеп жатыр.
«Жиналған дәлелдер мен айғақтар негізінде 31 мамыр күні Алматы қаласы тергеу сотының шешімімен ұсталғандарға қатысты үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», -делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, үш күдікті бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Дереккөзі: sputniknews.kz