jasqazaq.kz

Алматыда екі жасөспірім пойыздың үстінде тоққа түсіп қаза тапты

27 желтоқсан 2021, 21:44

Алматы станциясында екі жасөспірім вагон үстінде видео түсіремін деп қаза болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» өкілі Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті ата-аналар! Бәріміз бала өсіріп отырғандықтан мына жазбама зер салуларыңызды сұраймын. Өткен сенбіде және бүгін темір жолда екі бірдей қайғылы жағдай болды.

Алдыңғы күні Тараз станциясында 15 жастағы жасөспірім вагонда фотоға түсемін деп жүргенде тоқ соғып қаза тапты», – деп жазды «Қайсар Жұмабайұлы.

Ол сөзін жалғай отырып дәл осындай қайғылы оқиға бүгін Алматыда да болғанын айтып өтті.

«Дәл осындай оқиға бүгін Алматы станциясында да қайталанды… Екі бозбала вагонның үстіне шығып видео түсірмек болғанда тоққа түсті…((( Арты өлімге әкеп соқтыратын мұндай ауыр жағдайлардан сақтану үшін ата-аналарға арнайы ескерту жасағым келеді.

Пойыздың асты қандай қауіпті болса, үсті де сондай қауіпті. Вагондардың төбесінде қуаты 27 000 вольттық электр сымдары тартылған. Ол сымдарды ұстау былай тұрсын, жақындаған адамды сұлатып түсіреді.

ҚТЖ мамандары мен полиция қызметкерлері мұндай қауіп-қатердің бар екенін, жалпы теміржол өте қауіпті жер екенін ескертіп-ақ келеді. Өкінішке қарай, ойын баласы ескертуді үнемі қаперге ала бермейді. Сондықтан, ата-аналар, мұқият болыңыздаршы…», – деді ҚТЖ өкілі.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр