jasqazaq.kz

Алматыда екі «полицей» тұрғындарды тонап кетті

03 сәуiр 2019, 17:04

Оңтүстік астана көшелерінде екі ер адам өздерін полицей ретінде таныстырып, екі көшедегі жүргіншіні тонап кетті деп хабарлайды Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қаскөйлер жұмысқа кетіп бара жатқан екі жігітті тоқтатып, өздерін полицей ретінде таныстырған. Жаңа ғана осы ауданда кісі тонау болғанын алға тартып, олар барлық күдіктіледі тексеріп жүргендерін мәлімдеген.
Жігіттердің біреуі ойланбастан ұялы телефонын жалған полицейге ұстатқан. Ал олардан жеке куәліктерін көрсетуді талап еткенде, жалған полицейлер жәбірленушілердің ұялы телефондарын күшпен тартып алған», — деп хабарлады Алматы ПД-нің жол-патрульдік полиция полкінің полковнигі Манап Саттаров.
Жәбірленушілер бірден полицияға хабарласып, оқиға орнына бірнеше наряд жіберілген.

Тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер, күдіктілерді тұтқындаған. Жәбірленушілер жалған полицейлерді таныған.

Іс қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша тіркелді. Тұтқындалған азаматтар жұмыссыз екендері анықталды. Олар уақытша қамау абақтысына жеткізілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда