jasqazaq.kz

Алматыда екі көше қала шегіне дейін ұзартылады

27 қазан 2021, 11:44

Алматыда екі көше Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметіне сәйкес, Н.Тілендиев көшесі мен Солтүстік айналма жолы солтүстік бағытта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзартылады. Алматыны дамытудың бас жоспарына түзету енгізілді. «Жоғарыда аталған жолдарды ұзарту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімі 2022 жылға жоспарланып отыр. Н.Тілендиев көшесін тоғыз шақырымға, ал солтүстік жарты айналма жолды 1,2 шақырымға ұзарту көзделген. Сондай-ақ, көлік жолайрығын салу ұсынылады», — деп хабарлады басқармадан. Сонымен қатар, Т. Рысқұлов даңғылы Ф. Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығын ұзарту жобасы пысықталып жатыр. Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады. Сарапшылар жаңа көшелерді екі кезеңде салуды ұсынып отыр. Көшелердің бір бөлігі — 2025 жылға дейін, ал екіншісі — 2030 жылға дейін.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр