jasqazaq.kz

Алматыда екі қызды ұрған ер адам ұсталды

28 шiлде 2020, 13:55

Алматының ортасында белгісіз ер адам екі бойжеткенді ұрып тастаған. Қазіргі уақытта ер адам ұсталды. Оқиға 25 шілдеде Абылай хан даңғылында болған.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы SVET қоғамдық қорының парақшасында жарияланды. Қыздар көліктерінің жанармайы таусылған соң Қазыбек би көшесінде тоқтауға мәжбүр болған. Достарынан көмек күтіп отырған бойжеткендерге мас адам келіп тиісе бастаған. Мазаларын алмауын өтінген қыздардың біреуін ол шашынан ұстап көліктің капотына соққан. Екінші қыздың жағынан бір ұрып, жерге құлатқан. Қыздар көлікке кіріп есікті іштен жауып алған кезде бұзып кірмек болған. Аша алмаған соң ер адам көлігіне отырып кетіп қалған. Миы шайқалып, соққы алған қыз ауруханаға жеткізілді. Қалалық ПД бұл дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғады. Қазір полиция 32 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу ісі қалалық ПД басшылығының бақылауына алынбақ.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық