jasqazaq.kz

Алматыда екі әйел ер адамды өрттен құтқарды

18 қантар 2019, 16:15

Алматыда екі әйел өртенген пәтерден ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Жароков пен Қабанбай көшелерінің қиылысында болған. Көп қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан 1 бөлмелі пәтерде заттар өртене бастаған. Сол сәтте пәтерде тек Еркін Төрегелдин есімді ер адам ұйықтап жатқан. Бөлмені жайлаған қою түтіннен оянған ер адам есік жаққа бара алмаған. Сондықтан, балконға келіп, көмек сұрай бастаған. Өртті көрген бір қабат жоғары тұратын пәтер иесі Андрей Моисеев бірден 101 қызметін шақырған. Андрей Моисеев пен анасы Анна Моисеева және тағы бір көршісі Наталья Кисарь өрт сөндірушілер келгенше Еркінге балконның жақтауына шығуға көмектеседі. Осылайша үшеуі астыңғы балконнан өрттен қашқан адамды қолынан тартып алып шыққан. 8 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған. «Біз ер адамды екі әйел жоғарғы қабатқа көтеріп алды дегенге сене алмай тұрмыз. Көршілерін көтеріп ала алмаған жағдайда, өздері құлап түсуі ықтимал еді. Андрей Моисеев жарылыстың алдын алу үшін подьездегі газ колоннасын бұрап жапқан»,- деді ТЖД қызметкерлері. Ал Еркін Төрегелдиннің қол-аяғын жеңіл күйік шалған. Сонымен қатар, түтіннен уланған. Алайда ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда