jasqazaq.kz

Алматыда екі адам коронавирустан емделді

06 сәуiр 2020, 10:17

#үйдеотыр

Алматы қаласында 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша короновирус инфекциясынан жазылғандар саны 44-ке жетті. Ал соңғы мәлімет бойынша елімізде 584 жағдай тіркелген. Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың 116 оқиғасы тіркелді. Ауруға шалдыққандармен байланыста болған алты адамнан вирус анықталған. Қазіргі кезде қаланың инфекциялық стационарларында COVID-19 диагнозы қойылған 96 пациент жатыр, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны. 79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ересек екі адамның жағдайы өте ауыр, тағы екеуінің жағдайы ауыр, 13 адам – орташа ауыр халде жатыр. Бүгін коронавирус дертінен айыққан тағы екі пациент үйлеріне жіберілді. Бұл 1997 және 1998 жылғы екі бойжеткен. Олардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі вирус анықталған адаммен байланыста болған. Бүгінде Алматыда 21 адам ауруханадан шығарылды, соның ішінде екі бала бар. Олардың барлығы 14 күндік үй жағдайындағы карантинде жатыр. Қазіргі кезде уақытша орталықтарда 521 адам бар, соның ішінде 79-ы – бала. Екі күндік карантинде 390 азамат (48 бала), ал үй жағдайындағы карантинде – 4 805 адам жатыр.

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР
Расталған жағдай 584
Нұр-Сұлтан қаласы – 219
Алматы қаласы – 116
Шымкент қаласы – 14
Ақмола облысы – 23
Ақтөбе облысы – 11
Алматы облысы – 10
Атырау облысы – 29
Шығыс Қазақстан облысы – 5
Жамбыл облысы – 28
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 32
Қостанай облысы – 1
Қызылорда облысы – 37
Маңғыстау облысы – 3
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 28
Жазылып шыққандар: 44
Нұр-Сұлтан қаласы – 23
Алматы қаласы – 21
Қайтыс болғандар: 6
Нұр-Сұлтан қаласы – 1
Шымкент қаласы – 1
Ақмола облысы – 2
Қарағанды облысы – 1
Түркістан облысы – 1

coronavirus2020.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық